Рухани жаңғыру негізі – тарихи сана

Рухани жаңғыру негізі – тарихи сана

Рухани жаңғыру негізі – тарихи сана
ашық дереккөзі
Бүгінгі қолға алынып жатқан шаралардың бәрінде де қазақтың ұлттық танымымен, тарихымен қандай да бір байланыс бар. Бұл дұрыс та. Өйткені, тарихи сабақтастық болған кезде ғана табысқа қол жеткіземіз. Мұны, яғни, тарихи сабақтастықты Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының өн бойынан да, жекелеген бағыттарынан да айқын аңғарамыз. Мәселен, «Білімнің салтанат құруы» атты төртінші бағытын- да білім мәселесімен сабақтастырыла кәсіп игеру де сөз болады. «Технологиялық революцияның беталысына қарасақ, таяу онжылдықта қазіргі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді. Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын-соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген. Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді», – дейді онда Елбасы. Бір анығы, елде кәсіпті өркендетуге қолайлы жағдай жасау іс жүзіне асырылып келеді. Кәсіп жүргізуге кері әсер ететін әкімшілік кедергілерді жою мен оны құқықтық тұрғыдан қорғау мен қолдау жолға қойылуда. Ал, сөз басында тарихи сабақтастықты тілге тиек етуіміз де тектен тек емес. Себебі, қазақ «Кәсіп түбі – нәсіп» екенін ертеден-ақ еске салған халық. Оны ХХ ғасырдың басында Алаш көсемдерінің бірі Ахмет Байтұрсынов «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға – оқу, бай болуға – кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деп толықтырады. Бүгінгі күні Елбасы бастамасымен сол «керектердің» жолында жұмыс істелініп жатыр десек қателеспейміз.  

Ербол Ак-куов,

Алатау аудандық сотының судьясы.

Алматы қаласы