352
Бір жылда аштықтан зардап шеккендер 11 миллионға артты
Бір жылда аштықтан зардап шеккендер 11 миллионға артты
БҰҰ аштықтан зардап шеккендер саны бір жылда 11 миллионға артқанын мәлім етті. 2017 жылдың қорытындысы бойынша, жер бетіндегі 124 миллион адам аштықтың ауыр зардабын тартып отыр. Бұл деректер 22 наурызда жарияланған БҰҰ баяндамасында айтылған.
Жалпы әлемдегі аштыққа қақтығыстар, экстремальды ауа райы жағдайы мен онымен байланысты азық-түлік бағасының қымбаттауы көп себеп болады. Айталық, 18 елдегі, оның ішінде 15 ел Африка мен Таяу Шығыста орналасқан мемлекеттердегі әскери қақтығыстар елдердің аштықтың жайлауына алып келген. «Ашыққан адамдар саны Мьянма, Нигерияның солтүстік-шығысы, Конго Республикасы, Оңтүстік Судан және Йемендегі тараптар арасындағы теке-тірес пен тұрақсыздық есебінде өскен. Шығыс және Оңтүстік Африка елдеріндегі ұзаққа созылған құрғақшылық бұл тізімдегілердің санын арттырған», - делінген халықаралық ұйымның баяндамасында. БҰҰ 2018 жылы Ауғанстан, Орталық Африка республикасы, Конго, Нигерия, Оңтүстік Судан, Чад өзені өңірлері, Сирия, Ливия, Мали сындық елдерде азық-түлік жетіспеушілігі байқалатындығын болжауда.