__МаңыздыЖаңалықтарЖаһан

Түркіменстан шенеуніктері велосипедпен жүре ме?

Биыл Түркіменстандағы әр мемлекеттік кәсіпорын жаппай веложарысқа қатысуға орташа есеппен үштен алты адамға дейін жіберуі тиіс және ол адамдар өз есебінен велосипед сатып алатын болады. Азаттықтың Түркімен қызметінің (Азатлык радиосы) хабарлауынша, елдегі кейбір мекемелерде велосипедтің ақшасын ұжым болып ортақтасып төлеп сатып алуды ұйғарған.

«Кәсіпорын қызметкерлері веложарысқа қатысатын әріптестеріне велосипед сатып алуына бірігіп ақша жинайтын болып шешім қабылданды. Түркіменстанда велосипед шығаратын зауыт жоқ, бір велосипедтің бағасы 3000-4000 манат (375 мың теңгеге жуық – Азаттық.) болады «, – деп хабарлады Азатлык тілшісі. Оның сөзінше, төлейтін жарна мөлшері кәсіпорында істейтін адамдар мен ұжым атынан веложарысқа қатысатындар санына қарай белгіленеді.

Back to top button