Қазақстан төраға ретінде жұмысын аяқтады

Қазақстан төраға ретінде жұмысын аяқтады

Қазақстан төраға ретінде жұмысын аяқтады
ашық дереккөзі
218
Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық делегация Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қауіпсіз, әділ және өркендеген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайтуға қазақстандық тұжырымдамалық көзқарас» атты саяси үндеуін, сондай-ақ прагматикалық принциптерге негізделген өз ұлттық мүдделерін басшылыққа алып, БҰҰ-ның негізгі органының жұмысына төрағалық етті. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде БҰҰ Хатшылығының көмегімен Қауіпсіздік Кеңесінің үздіксіз күнделікті жұмысын қамтамасыз етті және мандатқа сәйкес жүктелген функцияларды орындады. Қазақстанның төрағалығы барысында консультациялар, брифингтер және пікірталастар форматында 30-ға жуық отырыс өткізілді және олардың қорытындылары бойынша Кеңес Төрағасының бұқаралық ақпарат құралдары үшін қарарлар мен мәлімдемелер қабылданды. 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен өткен «Жаппай қырып-жою қаруын таратпау: сенім шаралары» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі тақырыптық брифинг Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық етуінің басты іс-шарасы болды. Отырыс сенімді нығайту шаралары, сондай-ақ превентивті дипломатия құралдарын нығайту әлемдік державалар арасындағы саяси конъюнктура нәтижесінде уақытылы шешілмейтін көптеген маңызды мәселелер бойынша прогреске қол жеткізудің негізі бола алатындығын көрсетті.

Серіктес жаңалықтары