Қазақстанның төрағалығы БҰҰ ҚК-нің жұмысына тың серпін берді

Қазақстанның төрағалығы БҰҰ ҚК-нің жұмысына тың серпін берді

Қазақстанның төрағалығы БҰҰ ҚК-нің жұмысына тың серпін берді
ашық дереккөзі
360
Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы аталмыш құрылымға жаңа серпін берді. ҚазАқпаратқа берген сұхбатында Sciences Po Франция саяси зерттеулер институтының профессоры, БҰҰ жанындағы профессор Шахрбану Таджбакш (Shahrbanou Tajbakhsh) осындай пікір білдірді. «Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы осы құрылымның дамуына үлкен үлес қосып, елдердің ынтымақтастығына жаңа көзқарас, тың серпін берді. Күн тәртібіндегі мәселелер өте маңызды әрі инклюзивті. Қазақстандық дипломаттар БҰҰ ҚК төрағалығында жоғары кәсіби деңгейде еңбек етті. Қазақстан Республикасының БҰҰ ҚК-дегі төрағалығымен осы құрылым дамуының жаңа кезеңін байланыстырамын», - деді ол. Оның сөзіне қарағанда, БҰҰ ҚК-нің 2010 жылдан бері алғаш рет Ауғанстан миссиясын ұйымдастыруы, Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу тәртібі кодексі жобасының таныстырылуы айтулы оқиғалар болды. «Тарихта алғаш рет БҰҰ ҚК-нің тұрақты емес мүшелерінің туын көтерудің жаңа рәсімі өтті. Қазақстан БАҚ-пен жұмыс істеу бойынша Қауіпсіздік Кеңесінде бұрын-соңды болып көрмеген ашықтық үлгісін танытты - көптеген сұхбаттар мен брифингтер өткізілді», - дейді Ш.Таджбакш.

Серіктес жаңалықтары