557
Toyota компаниясы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сегіз автокөлік берді
Toyota компаниясы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сегіз автокөлік берді
Toyota компаниясы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сегіз автокөлік берді. «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясы Қазақстандағы олимпиадалық қозғалысын ұйымдастыру ынтымақтастығы аясында ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне қолдануға сегіз автокөлік берді, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.
Компания комитетке қолдануға үш Hiace, екі Land Cruiser 200 және үш Camry көлігін берді. Көліктер Астана мен Алматы қаласындағы ҰОК филиалдарында күнделікті қызмет көрсетуде пайдаланылады. Былтырғы жылдың қазан айында Toyota мен ҰОК ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойған болатын. Келісімге сәйгес Toyota 2024-ші жылға дейін Қазақстан құрамасына Олимпиада ойындарында және басқа да халықаралық жарыстарда қолдау көрсетеді. «Кореядағы Олимпиада ойындары қарсаңында біз Ұлттық Олимпиада комитеті ТОП әріптесіміз Toyota компаниясымен серіктестігімізді нығайта түстік. Мұндай үлкен әріптестеріміздің олимпиадалық қозғалысына ерекше мән беріп, спорттың дамуына көп үлес қосуы бізді қуантады. Ұлттық Олимпиада комитеті атынан Қазақстан құрамасына қолдау көрсетіп жүргені үшін «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясына алғыс айтқымыз келеді. Біздің серіктестігіміз отандық спортшыларымызға рухани күш беріп, көптеген қазақстандықтарды спортпен айналасуға шақырады деген ойдамыз. Бірнеше күннен кейін бәріміз отандық спортшыларымызға Олимпиада ойындарында жанкүйер боламыз. 9 спорт түрінен 57 лицензия алған әр спортшымыз құрметке лайық», - деді Қазақстан ҰОҚ бас хатшысы Данияр Абулғазин.