Терроризммен күреске 286 миллиард теңге бөлінбек

Терроризммен күреске 286 миллиард теңге бөлінбек

Терроризммен күреске 286 миллиард теңге бөлінбек
ашық дереккөзі
Терроризммен күреске 286 миллиард теңге бөлінбек. Қазақстан діни экстремизм мен терроризмге қарсы күресу үшін 286 млрд 981 млн теңге бөлмек. Ауқымды қаржы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әзірлеген 2018-2022 жылғы мемлекеттік бағдарламаға жұмсалады. Жоба мақсаты елдің радикалды идеологияға қарсы иммунитетін қалыптастыру. Сондай-ақ, интернет, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізіп, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын күшейту. Бүгінде терроризммен күрес қарқынды жүргізілуде. Соңғы төрт жылда 440 қазақстандыққа қақтығыс нүктелеріне баруға тыйым салынған. Бұдан бөлек, 125 отандасымыз елге қайтарылып, оның 57-і қылмыстық жауапкершілікке тартылған.