Астана шетінде аяздан қатып қалған автобустан 47 өзбекстандық құтқарылды

Астана шетінде аяздан қатып қалған автобустан 47 өзбекстандық құтқарылды

Астана шетінде аяздан қатып қалған автобустан 47 өзбекстандық құтқарылды
ашық дереккөзі
256
Астана шетінде аяздан қатып қалған автобустан 47 өзбекстандық құтқарылды. 23 қаңтарға қараған түні төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) құтқару тобы Астанадан 50 шақырым жерде автобус сынып, далада қалған 47 өзбекстандықты құтқарған. Оларды Астанадағы Агротехника колледжі ғимаратына әкеліп, ыстық тамақ беріп, жылытқан. ТЖМ өкілі Руслан Иманқұловтың сөздерінше, 23 қаңтарға қараған түні Астана шетінде ауа температурасы 40 градус төмен болған. Қатты аяздан жолаушылар автобусының жанармайы қатып қалған. «Жергілікті әкімдік өзбек мигранттары Астанаға жету үшін арнайы автобус бөлді. Олар Ресейден Астанаға пойызбен барады. Біз өз тарапымыздан қолымыздан келген көмекті жасадық», – дейді Руслан Иманқұлов. 23 қаңтар Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жергілікті билікке ыстық тамақ беретін жылжымалы жылу бекеттерін қамтамасыз етуді тапсырған.

Серіктес жаңалықтары