233
Өзбекстанда тәжік мектептері жабылуы мүмкін
Өзбекстанда тәжік мектептері жабылуы мүмкін
Өзбекстанда тәжік мектептері жабылып қалуы мүмкін. Өзбекстанда Ташкент облысы Бостандық ауданының тәжік тілді бес ауылы мұғалім жетіспеушілігі мәселесін шешіп беруін сұрап, Тәжікстан және Өзбекстан президенттеріне хат жолдады.
«Пском», «Чакак», «Палванак», «Испай» және «Нанай» ауылдарының тұрғындары мұғалім тапшылығынан тәжік мектептері жабылып қалады деп қорқады. Жүзге жуық адамның қолы қойылған ашық хат Өзбекстанда тәжікше «Овози тожик» газетінде жарияланды.
Ислам Каримов билігі кезінде тәжік тіліндегі мектептер саны күрт азайды, ал жоғары оқу орындарында тәжікше факультеттер қалған жоқ.
Бостандық ауданының тұрғындары жуырда Душанбеде екі елдің басшылары Эмомали Рахмон мен Шавкат Мирзияев кездесуінен үміт артып отыр.
Хат авторлары тәжік тіліндегі мектептерге педагогтарды Шыршық қаласындағы педагогикалық институтында дайындауын ұсынған.