223
Арктиканың байлығы – 1 трлн доллар
Арктиканың байлығы – 1 трлн доллар
Арктиканың инвестициялық әлеуеті алдағы 15 жылдық жоспарға сәйкес 1 трлн долларға бағаланып отыр. Бұл туралы Арктика экономикалық кеңесі хатшылығының директоры Ану Фредриксон мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.
«Американың Guggenheim Partners компаниясы Арктиканың инвестициялық әлеуетін алдағы 15 жылдық жоспарға сәйкес 1 трлн долларға бағалап отыр. Осыған орай оған қажетті инвестиция салынуы керек. Финляндияда өткен Арктика бизнес-форумында Норвегия, Финляндия, Швеция және Ресей сияқты солтүстіктегі елдердің инвестициялық әлеуеті кем дегенде 197 млрд долларға бағаланды. Бұл дегенің өте үлкен қаржы»,-деді ол. Ану Федриксон сонымен қатар көмірсутек нарығындағы соңғы жылдарда кездескен қиындықтарға да тоқталып өтті. «Баға құлдырап бара жатыр деп айта алмас едім. Баренцев аймағының инвестициялық әлеуеті энергетикаға құрылған»,-деді ол. Арктикалық экономикалық кеңес – халықаралық ынтымақтастықты арттырып Арктиканы экономикалық дамытуға бағытталған халықаралық бизнес-форум. 2013 жылы құрылған кеңес құрамына сегіз арктикалық елдің, сондай-ақ алты ұйымның 42 мүше-өкілі кіреді.