Текеліде экстрималды туризм нысаны салынады

Текеліде экстрималды туризм нысаны салынады

Текеліде экстрималды туризм нысаны салынады
ашық дереккөзі
 Алматы облысындағы Текелі моноқаласында экстрималды спорт түрлеріне арналған туризм нысаны салынады деп жоспарлануда. Ол жерде қарда жүретін көлікпен, квадроциклмен  серуендеуге болады,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл жобаға 18 млн теңге инвестиция тартылып, 20 адам жұмыспен қамтылады. Қазіргі таңда жаңадан салынатын  туристік нысандар құрылысына 2,7 гектар жер қарастырылуда. Жалпы  кеншілер шаһарында 11 туристік нысан жұмыс істеп тұр. Өткен жылы бұл салада көрсетілген ақылы қызмет 145 млн теңгеге жетті. 2017 жылды қортындылап есеп берген Текелі  қаласының  әкімі Бақтияр Өнербаев туризмді дамыту мақсатында, туристік карта құрастырылғанын айтты. Жалпы Жоңғар Алатауының етегінде орналасқан шаһар туризмнің алуан бағыттарын дамытуға өте қолайлы. Рафтинг, альпинизм, экстрималды спорт және қысқы спорт түрлері, этно және эко туризм Текелінің тек өндірістік елді-мекен ғана емес, туристік шаһар ретінде танылуына жол ашуда.