Ливия: Бенгазиде екі жарылыстан ондаған адам қаза тапты

Ливия: Бенгазиде екі жарылыстан ондаған адам қаза тапты

Ливия: Бенгазиде екі жарылыстан ондаған адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Ливия: Бенгазиде екі жарылыстан ондаған адам қаза тапты. Ливияның екінші ең ірі қаласы Бенгазиде 24 қаңтарға қараған түні болғанекі жарылыстан ондаған адам қаза тауып, жараланды. Reuters-тің жергілікті билік өкіліне сілтеме жасап хабарлауынша, араға жарты сағат салып болған екі жарылыстан кем дегенде 33 адам мерт болды. Құрбандар арасында қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері мен бейбіт тұрғындар бар. Куәгерлердің айтуынша, алғашқы жарылыс тұрғындар мешіттен шыға бастағанда болды. Екінші жарылыс мешіт жанындағы алғашқы жарылыс орнына құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар көмек көрсетуге жиналған кезде болды. Жарылыстарды әзірге ешкім мойнына алған жоқ. Ливия 2011 жылы елді ондаған жыл басқарған Муаммар Каддафи биліктен кетіріліп, өлгеннен бері дағдарысты бастан кешіп жатыр. Ливияда 2014 жылдан бері бірі Триполиде, екіншісі елдің шығысында бекінген, бір-біріне қарсы екі үкімет бар.