Жетімге қамқорлық жасағандар салықтан босатылады  

Жетімге қамқорлық жасағандар салықтан босатылады  

Жетімге қамқорлық жасағандар салықтан босатылады  
ашық дереккөзі
347
Қазақстанда жетімге қамқорлық жасағандар салықтан босатылады. Елімізде қолданысқа енгізілген жаңа салық кодексі жетім балаларды асырап алған ата-аналарды табыс салығынан босатады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Жетім балаларды асырап алғандар жылдық табысының мөлшеріне қарай табыс салығынан босатылады», - дейді Руслан Дәленов.   Жалпы жетім балаларды асырап алғандардың табысы жылына 2,1 миллион теңге шегінде болса, олар салықтан төлеуден босатылады. ҚР Ұлттық экономика вице-министрі өз сөзінде асырап алынған бала 16 жасқа толғанға дейін ата-анасы осы жеңілдікке ие болатынын атап өтті. Сонымен қатар, жаңа салық кодексінде мүгедек болып қалған ата-ананың біріне жер салығы, тіркеу алымы, мемлекеттік баж бойынша жеңілдік қарастырылған. Руслан Дәленовтың айтуынша, Қазақстанда 76 мыңға жуық азаматқа осы бағыт бойынша жеңілдік беру көзделіп отыр.

Серіктес жаңалықтары