ЕҚЫҰ парламент ассамблеясының күзгі отырысы Бішкекте өтеді

ЕҚЫҰ парламент ассамблеясының күзгі отырысы Бішкекте өтеді

ЕҚЫҰ парламент ассамблеясының күзгі отырысы Бішкекте өтеді
ашық дереккөзі
227
ЕҚЫҰ парламент ассамблеясының күзгі отырысы Бішкекте өтеді. Қырғызстанда күзде бірінші рет Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) парламент ассамблеясының (ПА) отырысы болады. Оған Еуропа, Азия және Солтүстік Американың 57 елінің парламент мүшелері қатысады. Жогорку Кеңеш баспасөз қызметінің хабарлауынша, таяуда ғана ЕҚЫҰ ПА отырысын 2018 жылдың қазан айында өткізуді ұйымдастыратын комитетінің алғашқы отырысы өткен. ЕҚЫҰ – қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ірі аймақтық ұйым. Қырғызстан бұл ұйымға 1992 жылы қосылған. 1998 жылы Бішкекте ЕҚЫҰ-ның орталығы жұмыс істей бастады. 2017 жылдың мамыр айынан бастап ЕҚЫҰ өкілдігі Бішкекте бағдарламалық кеңсе ретінде мәртебесін өзгертті.

Серіктес жаңалықтары