607
Қарызы бар 9,6 млн адам қара тізімге ілікті
Қарызы бар 9,6 млн адам қара тізімге ілікті
Қытайда қарызы бар 9,6 млн адам қара тізімге ілікті. Қытайда 2017 жылдың соңына қарай ақшалай міндеттемелерін орындамағандардың саны 9,59 млн адамға жетті, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі ҚХР Жоғарғы халық сотына сілтеме жасап.
Қара тізімге ілінген борышкерлер түрлі шектеулерге кезігеді. Мәселен, оларға 9,36 млн авиабилет және 3,67 млн теміржол билеті сатылмаған. Сот әуе және теміржол компанияларына борышкерлерге билет сатпауы үшін олардың дербес деректерін беріп отырады. Бұдан тыс, банктер оларға несие карталарын ресімдеуден бас тартады. Сот органдары жалпы сомасы 180 млрд юань (27,7 млрд АҚШ доллары) болатын депозиттерді мұздатып тастаған. Қара тізімдегілерге түсетін тағы бір ауыртпалық, олар енді заңды тұлға ретінде қызмет жүргізе алмайды, сондай-ақ басқарушы лауазымдарын иеленуіне де құқы жоқ.