Трамптың бірнеше елді кемсіткен сөздері конгрессмендер наразылығын туғызды

Трамптың бірнеше елді кемсіткен сөздері конгрессмендер наразылығын туғызды

Трамптың бірнеше елді кемсіткен сөздері конгрессмендер наразылығын туғызды
ашық дереккөзі
Трамптың бірнеше елді кемсіткен сөздері конгрессмендер наразылығын туғызды. Бейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамптың Гаитидан және Африка континентінен келген иммигранттарды сынауы Конгресс мүшелерінің наразылығын туғызды. Ақ үйде заң шығарушылармен иммиграция саясатына қатысты кездесу кезінде президент «Боққа батқан елдің адамдарын біз не үшін қабылдауымыз керек?» деген. Бірқатар заң шығарушы-демократтар президенттің сөздеріне наразы болып, оны нәсілшіл деп атаған. Ал республикашыл депутаттар президенттің сөздеріне көңілі қалғанын айтқан. Бұл жәйтті The Washington Post сенімді дереккөзі арқылы бірінші бетке жариялаған. Басты тақырып жас кезінде Америкаға ата-аналары алып келген мигранттарды заңдастыру мәселесі болған. Ақ үйдің баспасөз хатшысының орынбасары Радж Шах басылымда жарияланған ақпаратты теріске шығармады. Ол президент Трамп ең бірінші америкалықтардың мүддесіне жұмыс істейді деген.