Гүлнәр Каримова да "Магнитск тізіміне" енді  

Гүлнәр Каримова да "Магнитск тізіміне" енді  

Гүлнәр Каримова да "Магнитск тізіміне" енді  
ашық дереккөзі
АҚШ қаржы министрлігі "Магнитск тізіміне" Өзбекстаннің тұңғыш президенті, өмірден өткен Ислам Каримовтің үлкен қызы Гүлнәр Каримованы енгізді. Бұл тізімге адам құқықтарын бұзған және коррупцияға қатысы бар адамдар енеді. Каримова ісі бойынша зерттеу жұмыстарын АҚШ пен бірнеше еуропалық ел 2013 жылдан бері жүргізіп келді. Тергеу материалына сәйкес, Гүлнәр Каримова шетелдік телекоммуникациялық компаниядан өзбек нарығына кіру үшін 1 млрд доллар пара алған. Бұл ақшаның жартысы Швейцария, Біріккен Араб Әмірлігі және Гонконг қалаларында мүлік сатып алу арқылы заңдастырылған. Ақшаның басым бөлігі – 800 миллион швейцар франкі –Швейцария банкінен табылған. Тамыз айында Өзбекстанның бас прокуратурасы ресейлік биліктен Гүлнәр Каримованың бар мүлкін тәркілеуді сұраған. Тергеушілердің мәлімдеуінше, экс-президент қызы әр елдерде заңсыз 14 фирма және 16 офшор құрған. Сол арқылы ақшаны шетелге шығарып отырған. Мәскеуде "Камелот" тұрғын үй кешенінде пентхаусы, Рублевкада коттеджі мен сегіз пәтері бар. Ал Қырым Ялтасында қонақ үй, тұрғын үй және жер учаскелері бар.