Өмірзақ Шөкеев – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі

 Өмірзақ Шөкеев – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі

 Өмірзақ Шөкеев – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі
ашық дереккөзі
 Өмірзақ Шөкеевтің «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы қызметінен кеткені хабарланды. Шөкеев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды. Өмірзақ Шөкеев 1964 жылдың 12 наурызында Түркістан қаласында дүниеге келді. 1986 жылы Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын экономист-математик мамандығы бойынша тәмамдаған. ҚР Экономика министрі, ҚР Экономика және сауда министрі, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, «Банк Тұран-Әлем» ЖАҚ Басқармасының төрағасы, Қостанай облысының, Оңтүстік Қазақстан облысының және Астана қаласының әкімі лауазымдарын атқарды. 2011 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы болды.