ҚР Президентінің мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегерлері анықталды
ҚР Президентінің мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегерлері анықталды. Ақорданың ресми сайтында стипендия иегерлерінің тізімі жарияланды. 2017 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы
- Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2017 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілсін.
- Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев.
Астана, Ақорда, 2017 жылғы 14 желтоқсан
№202
2017 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілген адамдардың дербес құрамы:
Әдебиет қайраткерлері
- Айтқожина Марфуға – 1936 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
- Ахметова Күләш – 1946 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері;
- Әбдіков Төлен – 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
- Әшімов Әкім (Әкім Тарази) – 1933 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
- Әшіров Ахметжан – 1938 жылы туған, жазушы-драматург, «Құрмет» орденінің иегері;
- Байғұт Мархабат – 1945 жылы туған, жазушы; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері;
- Бақтыгереева Ақұштап – 1944 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
- Бодаубай Болат – 1940 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
- Бөдешұлы Жәркен – 1944 жылы туған, ақын;
- Гаркавец Александр – 1947 жылы туған, түрколог ғалым, қоғам қайраткері;
- Досанов Сәбит – 1940 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
- Дүйсенов Жамбыл – 2004 жылы туған, ақын;
- Елеукенов Шерияздан – 1929 жылы туған, сыншы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
- Жолдасбеков Мырзатай - 1937 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері;
- Исабаев Нұртас – 1954 жылы туған, ақын;
- Қыдырханұлы Уақап – 1932 жылы туған, жазушы;
- Мұртаза Шерхан – 1932 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
- Мырзахметов Мекемтас – 1930 жылы туған, әдебиеттанушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
- Ниязбек Рәпілбек – 1943 жылы туған, ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері;
- Нұрмағамбетов Тынымбай – 1945 жылы туған, жазушы, «Құрмет» орденінің иегері;
- Нұрпейісов Әбдіжәміл – 1924 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
- Оразбаев Иранбек – 1947 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
- Оспан Сейфолла – 1938 жылы туған, жазушы, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері;
- Рамазан Думан – 1967 жылы туған, жазушы;
- Рәш Мыңбай – 1930 жылы туған, жазушы;
- Салғараұлы Қойшығара – 1939 жылы туған, жазушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
- Сараев Әнес – 1937 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
- Сүлейменов Олжас – 1936 жылы туған, ақын, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты;
- Ыдырысов Әбілфайыз – 1930 жылы туған, жазушы;
- Чернова Надежда – 1947 жылы туған, ақын.
Өнер қайраткерлері
- Абдулина Айша – 1916 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі;
- Абубахриева Мукарам – 1983 жылы туған, бас балетмейстер;
- Асқарова Әсел – 1992 жылы туған, балет солисі;
- Атымтаева Түймехан – 1955 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
- Ахметов Әділ – 1984 жылы туған, актер;
- Әбілғазина Айнұр – 1986 жылы туған, балет солисі;
- Әшімов Асанәлі – 1937 жылы туған, КСРО халық әртісі, «Қазақстанның Еңбек Ері», Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
- Әшірбекова Роза – 1938 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі;
- Байбосынов Қайрат – 1950 жылы туған, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
- Байсейітова Раушан – 1947 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
- Дүйсекеев Кеңес – 1946 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері;
- Еркімбеков Жексембек – 1930 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
- Жаманбаев Базарғали – 1942 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
- Журавлев Николай – 1926 жылы туған, мүсінші;
- Имашева Баян – 1941 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі;
- Каленбаева Меруерт – 1939 жылы туған, қобызшы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі;
- Клушкин Юрий – 1937 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі;
- Күзембай Сара – 1937 жылы туған, музыкатанушы ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
- Қастеева Зарема – 1947 жылы туған, балерина, Қазақстанның халық әртісі;
- Қосыбаева Тамара – 1928 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі;
- Мәлібеков Жандарбек – 1942 жылы туған, сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы;
- Мышбаева Нүкетай – 1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері;
- Нүсіпжанов Нұрғали – 1937 жылы туған, әнші, Қазақстан Республикасының халық әртісі;
- Обаев Есмұқан – 1941 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері;
- Омарханова Рымкеш – 1939 жылы туған, актриса, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері;
- Оразбаев Сәбит – 1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,
- Өтекешова Меруерт – 1951 жылы туған, кино және театр актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері;
- Померанцев Юрий – 1923 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
- Разиева Гульвира – 1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі;
- Сақиева Күләш – 1920 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі,
- Сарықұлова Гүлшара – 1925 жылы туған, өнертанушы;
- Сәдуақасов Дамир – 1988 жылы туған, опера солисі;
- Тасыбекова Торғын – 1938 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі,
- Тастанбеков Құман – 1945 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі;
- Тебенихин Амир – 1977 жылы туған, пианист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
- Тен Ирина – 1992 жылы туған, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты;
- Тоғызақов Ерболат – 1948 жылы туған, актер;
- Төлегенова Бибігүл – 1929 жылы туған, КСРО-ның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
- Тұрынтаев Руслан –- 1998 жылы туған, скрипкашы;
- Тыныштығұлова Сара – 1942 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі;
- Уәлиханов Шота – 1932 жылы туған, сәулетші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
- Хасанғалиев Ескендір – 1940 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
- Шәріпова Зәмзәгүл – 1931 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі;
- Школьный Арий – 1926 жылы туған, кескіндемеші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері;
- Шотабаев Медет – 1986 жылы туған, опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.