Елбасы Қанат Ислам мен Әсел Сәдуақасованы марапаттады

Елбасы Қанат Ислам мен Әсел Сәдуақасованы марапаттады

Елбасы Қанат Ислам мен Әсел Сәдуақасованы марапаттады
ашық дереккөзі
264
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қанат Ислам мен Әсел Сәдуақасованы марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордадан. Боксшы Қанат Ислам мен актриса Әсел Сәдуақасоваға "Құрмет" ордені берілді. ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке де осындай орден табыс етілді. Қанат Исламның айтуынша, ол мұндай үлкен марапатты тұңғыш рет алып отыр. "Осындай үлкен марапатты тұңғыш рет алып отырмын. Өте қуаныштымын, осындай елім дейтін, жерім дейтін, ерінбейтін елбасымыздың қолынан марапат алу мен үшін үлкен мәртебе. Елбасы болашағымнан үлкен үміттер күтеміз деп айтып отыр. Алға қойған мақсатыма жетуге үлкен бір сенім деп ойлаймын. Сол үшін елдің сенімін, елбасының сенімін ақтау, көк туды шығарып, әнұран орындату әрбір спортшының арманы болуы керек деп ойлаймын. Алдағы жоспарлар өте көп. Қаншама қазақтың қаракөз іні-қарындастарымыз бізге қарап өсіп жатыр, соларға дұрыс жол көрсету, дұрыс азамат болып жүру үлкен міндет деп ойлаймын. Сол үшін алдағы жекпе-жектерде болсын, басқа шараларда болсын осының барлығын абыроймен атқару міндетім деп ойлаймын", - деді ол. Сондай-ақ, боксшы алдағы жоспарлары жайлы айта кетті. "Қазір біз жекпе-жек жоспарлап отырмыз. Жақын күндері Америкаға кетемін. Сол жақта бір жекпе-жек өткізіп, келе жылы Астанамыздың 20 жылдығы, сол үшін елордада тағы бір жекпе-жек өткіземіз, соған дайындалып жатырмыз", - деді Қанат Ислам. Актриса Әсел Сәдуақасова да алған марапатына қатысты қуанышын білдірді. Бұл туралы актриса Instagram желісіндегі парақшасында жазды. "Бір сағат бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев маған өзі жеке менің тұңғыш марапатымды "Құрмет" орденін табыс етті!!! Қуанышымда шек жоқ! Құрметті достарым, мұның барлығы сіздердің арқаңызда!!! Сіздердің маған деген және менің шығармашылығыма деген махаббатыңыздың арқасында!!! Барлықтарыңызға жақсылық тілеймін! Сіздерді ары қарай да қуанта беремін)", - деп жазды Әсел Сәдуақасова.   Айта кетейік, "Құрмет" ордені 1993 жылы бекітілген болатын. "Құрмет" ордені экономика, әлеуметтік салаларда, ғылым мен мәдениет, білім беру, мемлекетітк органдардағы үлгілі қызметі мен қоғамдық жұмыстарға белсенді араласқан азаматтарға беріледі. Орденнің дәрежелері жоқ.

Серіктес жаңалықтары