257
Ғарышкер ғарышқа ұшпайтын болды
Ғарышкер ғарышқа ұшпайтын болды
Қазақстандық ғарышқа ұшпайтын болды. Қорғаныс министрлігі Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовтың ғарышқа ұшатыны жайлы ақпарат рас болмай шықты. Бұл туралы "Диапазон" басылымына Қазақстанның Аэроғарыш комитетіндегілер түсіндіріп берді.
Өткен аптада ақтөбелік басылым "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясының вице-президенті Айдын Айымбетовқа сілтеме жасай отырып, қазақстандық ғарышкердің ғарышқа ұшатынын хабарлаған еді. Аэроғарыш комитеті төрағасының міндетін атқарушы Баубек Оралмағамбетовтің айтуынша, басылым Айымбетовтің айтқан сөзін дұрыс емес жеткізген. "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін салу туралы жобаны қазақстандық және ресейлік тарап бірге дайындап жатыр. Қазақстан мен Ресей жасасқан келісімшарт бойынша, орта кластағы жаңа зымыранға ресейлік тарап жауапты, ал Қазақстан жаңа ғарыш кешеніен жаңа жерүсті ғарыш инфрақұрылымын дайындап жатыр. Қазақстан үкіметі қазақстандық ғарышкердің ғарышқа ұшу мәселесін қарастырып жатқан жоқ", - делінген хабарламада. "Диапазон" басылымының журналистері олар сөзді басқа жеткізбегенін, керісінше, ғарышкердің төл сөзін келтіргендерін айтады. "Қазақстандықтардан біреу ғарышқа ұша ма?" деген сұраққа Айымбетов былай деп жауап берді: "Қазақстан "Байқоңырда" жерүсті ғарыш кешенін салып жатыр. Ресеймен бірігіп зымырантасығыш саламыз... Ресейдің қазіргі уақытта жаңа ғарыш кемесін ойластырып жатқаны ешкімге құпия емес, алты орындық ғарыш кемесі... сынақтар өткізілген соң, меніңше, экипаж құрамында біздің қазақстандық кешеннен қазақстандық маман болады. Кадрлар табылады. Бізде осындай қадамға баруға дайын мамандар көп".