"Алтын Орда" маңындағы жол жөндеуден кейін қандай болады?

"Алтын Орда" маңындағы жол жөндеуден кейін қандай болады?

"Алтын Орда" маңындағы жол жөндеуден кейін қандай болады?
ашық дереккөзі
302
"Алтын Орда" маңындағы жол жөндеуден кейін қандай болады: Жобаның 3D-визуализациясы."ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ өкілдері "Алтын Орда" маңындағы жолдың жөндеуден кейін қандай болатынын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ пайдалану жөніндегі департамент директоры Төлеген Абдулиннің сөзінше, қазір айналма жол мен эстакаданы салу жұмыстары басталып кеткен.  Назарларыңызға Райымбек - Алматы аралығындағы жолдың кеңейту жұмыстарынан кейін қандай болатынын 3D-визуализациясын ұсынамыз.  Қазір таңда жөндеу жұмыстарына 60 адам және 22 техника жұмылдырылған. Ал жұмыс қызған кезде 250 адам тартылады.  Алматы - Бішкек тасжолы бойындағы "Асыл Арман" тұрғын алабында маңында техника мен жұмыс бригадалары пайда болды. Бұл жерде эстакада қойылып, ол үлкен құрылыстың бір бөлшегі болады. Абдулиннің айтуынша, құрылыс жұмысы кезінде жол аздап тарылып, ыңғайсыздық туындайды. Құрылыс жұмыстары екі жылда аяқталады деп көзделген. Дегенмен компания жолдағы ыңғайсыздықты ертерек жойып, құрылысты барынша тез аяқтауды көздеп отыр. Сонымен бірге, ол "Алтын Орда" базарындағы жол үсті көпірдің сақталатынын да айта кетті. Мұның алдында республикалық маңызы бар Алматы - Бішкек тасжолының 16-шы шақырымынан 19-шы шақырымына дейінгі жолды кеңейту жұмыстары 2017 жылдың қарашасына белгіленгені хабарланған.

Серіктес жаңалықтары