Қазақстандық ғалымдар көмірден газ алмақ

Қазақстандық ғалымдар көмірден газ алмақ

Қазақстандық ғалымдар көмірден газ алмақ
ашық дереккөзі
407
Қазақстандық ғалымдар көмірден газ алмақ. Қазақстандық ғалымдар көмірден газ алу жобасын жүзеге асыру үстінде. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында «Көмір химиясы және технологиясы институты» ЖШС-ның директоры, химия ғылымдарының докторы Болат Ермағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстан көмір кендеріне өте бай. Қазір елімізде 126 көмір кешені жұмыс істейді. Жылына 100 миллиондай көмір өндіріп, оның 30 млн тоннасын экспортқа жібереміз. Жылдан-жылға көмір өндіру көлемі қысқару үстінде. Көмір сапасының нашар болуы, оның қоршаған ортаға тигізер әсерінің көп болуы себебінен өңдеудің жаңа технологиясы қажет.  Көмірдің әр тоннасынан қанша энергия алсақ,  соншама  көлемде біз қоршаған ортаны ластаймыз. Сондықтан қазіргі кездегі маңызды мәселе  көмір кеніштерін игеру үшін  технологиялар керек. Егер көмірдің құрамындағы сутегіні 14 пайызға жеткізер болсақ, онда көмір сұйылады. Осылайша одан газ алуға болады», - деді ғалым.    Сонымен қатар ол көмірден газ алу жобасына қатысты кеңінен тоқталып өтті. «Бұл жобамен айналысқаныма біраз жыл болды. Енді аталған технологияның ерекшелігіне тоқталайын. Біз көмірді жағу арқылы одан газ аламыз. Бұл процесс газификатор құралында жүргізіледі. Яғни, көмірді газификаторда жағамыз әрі ондағы оттегінің мөлшерін бақылап, біз «жанғыш газды» аламыз. Ол - көмірдің тотығынан және сутегінен тұрады. Бір мәселе - жанғыш газдардың қуаттылығы. Әрине, табиғи газға қарағанда көмірден алынған газдың жану қуаты аздау. Бірақ жанғыш газдан жылу алуға, оны күнделікті тұрмыстық қажеттілікке пайдалануға болады. Бұл жоба экологиялық жағынан тиімді. Газификатор дегеніміз - реактор. Цестернаға ұқсайды. Бірақ оған көмір салынады. Астынан ауа жіберіледі. Ауа судың буын айдайды. Осылайша көмір жанады. Сосын жанғыш газ пайда болады. Бұл - автотермиялық процесс», - деді Ермағамбет. Оның айтуынша, бұл жоба Баянауыл ауданында жүзеге асыру көзделуде. Өйткені осы ауданға қарасты Майкөбе кенішінің көмірінен газ алуға болады. «Жобаның құнын біз әлі есептеген жоқпыз, есептеу үстіндеміз. Тиімді болатынына сенемін. Жоба іске асса Баянауыл, Торайғыр ауылдарын және Майқайың кентін көмірді өңдеу арқылы алынған газбен қамтамасыз етуге болады. Бұл жобамызды Павлодар облысының әкімдігіне ұсындық. Жобаны жүзеге асыру әкімдіктің құзырында. Сондай-ақ, қаражатқа да байланысты. Қазіргі таңда барлығы табиғи газды пайдалану керек дейді. Бірақ табиғи газды Батыс Қазақстаннан алып  келу керек. Ол үшін газ құбырын жүргізу қажеттігін туындайды. 1 мың шақырым құбырға, мысалы, Астана, Көкшетау, Петропавл қалаларын газбен қамтамасыз ету үшін 1 трлн теңге кетеді. Бұл қомақты қаржы. Сондықтан өңірлерді дамыту үшін жаңа инновациялық жобалар керек», - деді  химия ғылымдарының докторы.

Серіктес жаңалықтары