"Ислам мемлекеті" Нью-Йорктегі теракт жауапкершілігін өз мойнына алды

"Ислам мемлекеті" Нью-Йорктегі теракт жауапкершілігін өз мойнына алды

"Ислам мемлекеті" Нью-Йорктегі теракт жауапкершілігін өз мойнына алды
ашық дереккөзі
259
Нью-Йоркте 31 қазанда болған теракт жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы өз мойнына алды, деп хабарлады Reuters. Ақпарат агенттігі радикал күштердің бақылауындағы басылымдарға сілтеме жасаған. Бұл басылымдар сегіз адамды өлтірді деп айытпалған Сайфулло Саиповты "халифат сарбазы" деп атаған. Бұған қоса мәліметтер жарияланбады. Саиповқа террорлық топқа материалдық және ресурспен көмек көрсетті деген айыптар да тағылды. Полиция мәліметіне қарағанда, велосипедшілерге шабуылдау үшін пайдаланылған автокөлікте күдіктінің "Ислам мемлекетіне" адалдығы туралы жазба табылған. Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио бұл шабуылды "бейбіт және кінәсіз адамдарға жасалған опасыз шабуыл" деп атады. Америкалық заң шығарушылар Ақ үйден Сайфулло Саиповты Гуантанамодағы әскери түрмеге жіберуін сұрап отыр.  

Серіктес жаңалықтары