Тәжікстанда шетелде оқыған дін қызметкерлерін жұмыстан шығара бастады

Тәжікстанда шетелде оқыған дін қызметкерлерін жұмыстан шығара бастады

Тәжікстанда шетелде оқыған дін қызметкерлерін жұмыстан шығара бастады
ашық дереккөзі
220
Тәжікстанның дін істер жөніндегі комитеті шетелде діни білім алған дін қызметкерлерін жұмыстан шығару туралы шешім қабылдады. Айта кетерлік жайт, комитет төрағасының Сулаймон Давлатзода мен Тәжікстан үлемдер кеңесінің басшысы Саидмуккарам Абдулкодирзода діни білімдерін шетелден алған. Саидмукаррам Абдулкодирзода Тәжікстандағы мұсылмандар тыныштығы үшін қызметінен кез келген уақытта кетуге дайын екенін мәлімдеді. "Тәжікстанда тыйым салынған ағымдарға қосылып кеткен бірнеше имам-хатиб ұсталып, жазаланды. Мұндай бастама маған байланысты қабылданған болса, онда мен ел тыныштығы үшін бұл қызметтен кетуге дайынмын. Өйткені мен 1990-жылдардағы қайғылы оқиғалардың қайталанғанын қаламаймын», - деді ол. Комитеттің баспасөз хатшысы Афшин Мукимнің хабарлауынша, мұндай шешім 28 қазанда қабылданған, оған комитет төрағасының орынбасары Әмірбек Бекназаров қол қойған. "Бұл шешімнің заңсыз білім алған имам-хатибтерге ғана қатысы бар", - деді ол. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Дін комитетінің аймақтардағы басқармаларына жолдаған телефонограммасының көшірмесі жарияланған еді. Онда комитет шетелде білім алған имам-хатибтерге қызметтен өз еркімен кетуге екі апта уақыт беретіні айтылды. Телефонограммада мұндай шешімнің бұған дейін шетел медреселерінде білім алған бірнеше имамның елдегі қылмыстары әшкереленген соң қабылданғаны айтылды.  

Серіктес жаңалықтары