Мирзияев пен Медведев Өзбекстан-Ресей қарым-қатынасын талқылады

Мирзияев пен Медведев Өзбекстан-Ресей қарым-қатынасын талқылады

Мирзияев пен Медведев Өзбекстан-Ресей қарым-қатынасын талқылады
ашық дереккөзі
585
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 2 қарашада Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевті қабылдады. Ресей премьері Ташкентке ресми сапармен келді. Ол мұнда ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады, деп хабарлады өзбек президентінің баспасөз қызметі. Кездесуде өзбек-орыс қарым-қатынасын әрі қарай дамыту, сауда көлемін арттыру, экономика саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру, мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелерін талқылады. Бүгін, 3 қарашада Ташкентте ТМД елдері Үкімет басшылары кеңесінің отырысы ашылды. Бұл жиын Өзбекстанда бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Биыл ТМД-ға Ресей төрағалық етеді. Жиынға Армения премьер министрі Карен Карапетян, Беларусь үкімет басшысы Андрей Кобяков, Қазақстан премьері Бақытжан Сағынтаев, Қырғызстан үкімет басшысы Сапар Искаков, Ресей премьері Дмитрий Медведев, Тәжікстан үкімет басшысы Кохир Расулзода, сондай-ақ ТМД-ның атқарушы хатшысы - Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев қатысаты хабарланды. Күн тәртібінде 18 құжат жобасы талқыланады, деп жазды жергілікті ақпарат құралдары.  

Серіктес жаңалықтары