258
Мейірімді мамандық иелеріне құрмет
Мейірімді мамандық иелеріне құрмет
Қоғамның тұрақтылығы мен берекесін сақтау мақсатында, 2011 жылы бекітілген ҚР «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні» – республикамыздағы ең жас кәсіби мерекелерінің бірі, қазан айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі.
Осы орайда, Әлеуметтік жүйе қызметкерлерінің кәсіби мерекесі құрметіне ҚР ЕХӘҚМ «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК директоры Талғат Қамзаұлы Нұғұманов ерен еңбектері және әлеуметтік жүйенің дамуына қосқан үлестері үшін, мекемеміздің қызметкерлеріне алғысын білдіріп, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі атынан арнайы грамоталарды тапсырды.
Марапатталғандар қатарында Диагностика және есту бойынша протездеу бөлімінің меңгерушісі – Гүлбахар Аманжолқызы Пулатова, Ғылыми-технологиялық басқармасының технологиялық бөлімінің жетекшісі – Мұратбек Мұхамедияұлы Ищанов және де Ғылыми-ұйымдастырушылық бөлімнің жетекшісі – Анжела Мырзағалиқызы Саяковаға алғыс айтылып, грамоталар табыс етілді.
Салтанатты шараға қатысқандар қатарында, «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК Протездеу директорының орынбасары Мынжасар Шәріпұлы Шугаепов, Есту қабілетін оңалту бойынша директордың орынбасары Салтанат Мирамбекқызы Смайлова болды.
Өзінің құттықтау сөзінде Орталығымыздың директоры Талғат Қамзаұлы:
- Сіздерге өте үлкен жауапкершілік жүктелген, ол – мемлекет тарапынан қолдауға ерекше зәру адамдарға көмек көрсету. Мыңдаған адам, оның ішінде жас балалар Сіздердің сенімді қанаттарыңыздың астында. Әлеуметтік қызметкер – өте күрделі, бірақ аса қажет мамандық, ол терең білім мен кәсіби шеберлікті ғана емес, сонымен бірге ерекше жан дүниені қажет етеді. Сіздер мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау көрсетесіздер, олардың қоғамдық өмірге толыққанды бейімделуіне, әлеуметтік оңалуларына өз еңбектеріңізді сіңіресіздер, ал мүгедек жандарға көбінесе адами қарым-қатынас пен қолдау ғана жетіспей жатады. Бұл миссияны мейірімділік, жанашырлық, рақымшылық және өз ісіне деген аса жоғары жауапкершіліксіз орындау мүмкін емес.
Орталық ұжымына жоғары кәсібилігі үшін, қолдауға зәру адамдар тағдырына бей-жәй қарамайтындығыңыздың өзі елеулі қадір-қасиет сезімдерін оятады, өйткені сіздердің қайырымды істеріңіздің арқасында әрбір емделуші, әрбір жан, әрбір бала аз да болса бақытқа бөленеді, біз үшін ең маңыздысы осы!», – деп сабақтады.
Айта кету керек, ағымдағы жылы «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК әлеуметтік бағдарламалар шеңберінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырған болатын. Оның ішінде, «Алтын Қарғалы» шипажай-қонақ-үйінде кохлеарлы имплантант жасалған балаларға тәулік бойғы оңалту рәсімі, мамандарымыздың Бүкілресейлік есту мүшелерін имплантациялау төңірегіндегі шетелдік ғалымдармен өткен конгреске қатысуы, Астана қаласында өткен халықаралық баланың құқықтарын қорғауға арналған конференцияға барып, жиын аясында ұйымдастырылған көрмеде «ӘОД ҒПО» РМҚК медицина саласындағы техникалық жетістіктерімен көпшілікті таныстырғандығын атап өткен жөн. «ӘОД ҒПО» РМҚК
Баспасөз қызметі