Сирия оппозициясы Сочи конргесіне келісім бергенін жоққа шығарды

Сирия оппозициясы Сочи конргесіне келісім бергенін жоққа шығарды

Сирия оппозициясы Сочи конргесіне келісім бергенін жоққа шығарды
ашық дереккөзі
244
Сирия оппозициясы Сочи конргесіне келісім бергенін жоққа шығарды. Батыстың саяси оппозициялық тобы қолдау көрсететін Сирия ұлттық коалициясы (SNC) 1 қарашада Ресей ұсынып отырған Сочиде «Сирия тобының конгресін» өткізуге қарсылық білдірді. SNC бұл конгресті — «БҰҰ қолдайтын Женевадағы бейбіт келіссөзді айналып өту» деп атады. Осыған дейін Түркия Астанада өткен Сирия жөніндегі келіссөзге сириялық күрдтер партиясын шақыруына қарсы болған. Түркия президентінің баспасөз хатшысы Ибрагим Калин түрік және ресейлік ресми өкілдер бұл мәселені талқылағанын айтқан. Күрд өкілдері де Ресейден Сочиде өтетін конгреске шақырту алғанын мәлімдеді. Түркия мен Иран 31 қазанда Ресейдің қараша айында Сирия үкіметі мен оның қарсыластарын Сочиге келіссөзге шақыру жөніндегі ұсынысын қабыл алды. Сочиде конргесс өткізу жөніндегі ұсыныс Астанадағы Сирия келіссөзінде айтылған.

Серіктес жаңалықтары