«Алтын қалам-2017»: Үздік қаламгерлер анықталды

«Алтын қалам-2017»: Үздік қаламгерлер анықталды

«Алтын қалам-2017»: Үздік қаламгерлер анықталды
ашық дереккөзі
Жазушылар арасында өткен «Алтын қалам - 2017» байқауы аяқталып, үздік шығармалар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Байқауға әр жанр бойынша бес шығармадан енгізілді. Биыл ұйымдастыру комитетінің және қазылар алқасы құрамында Досым Сатпаев, Айдос Сарым, Арман Шораев, Расул Жұмалы, Кенже Жұманұлы, Қуат Домбай, Әйгерім Райымқұлова, Бекнур Қисықов, Татьяна Филипчик, Нұржан Мұхамеджанова болды. Байқауға қазақ және орыс тілдерінде жазылған 1076 жұмыс қабылданған. Бәйгеге Қазақстан ғана емес, АҚШ, Германия, Украина, Ресей, Израиль және Беларусь елінде тұратын авторлар да қатысқан. Биыл алғаш рет тағайындалған меценат Есенқұл Маманов атындағы сыйлық Алашорда тақыбырын қамтыған үздік туындыға берілді. Бас жүлде ретінде тағайындалған 1 млн теңгені тарихшы, жазушы астаналық Әміржан Әлпейісов иеленді. Ал, балалар жазушыларына арналған «Дарабоз» байқауының бас жүлдесін және 1 млн теңгені жазушы қарағандылық Төкен Әлжантегі жеңіп алды. «Биылғы жүлде біз үшін ерекше болды. Олай дейтін себебіміз, «Алаш» партиясының құрылғанына 100 жыл толуына орай, «Алашордаға 100 жыл» аталымы жарияланды. Сатира жанры биылдан бастап жазушы, сатирик, аудармашы Есенжол Домбай атындағы «Жылдың үздік сатирасы» болып өзгертілді. Сонымен қатар, бұған дейін 11 рет өткізілген балалар жазушыларына арналған Халықаралық «Дарабоз» байқауы биыл бірінші рет «Алтын қалам» әдеби жүлдесі аясында өтті. Бұл балалар шығармасын қамтыған туындылардың санын ғана емес, сапасының да артуына септігін тигізді. Біздің akalam.kz сайты арқылы әрбір шығарма өз оқырманын тапты деп ойлаймыз», - деді «Алтын қалам» әдеби жүлдесі ұйымдастыру комитетінің директоры Кенже Жұманұлы.