Түрік мәдени орталығы «120» фильм көрсетеді

Түрік мәдени орталығы «120» фильм көрсетеді

Түрік мәдени орталығы «120» фильм көрсетеді
ашық дереккөзі
Түрік мәдени орталығы «120» фильм көрсетеді. Астанадағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуына орай, елордалық тұрғындар үшін «Айлық түрік фильмдері күнін» ұйымдастырып келеді. Осынау шара аясында 28 қазан күні астаналықтарға Түркияда түсірілген «120» атты фильм көрсетілмек. Аталған кинотуынды өмірден алынған шынайы оқиғаларға негізделіп түсірілген. Режиссері - Өзхан Эрен. Басты рольдерді Бурак Серген, Өзге Өзберк, Жансел Эльчин секілді танымал түрік актерлері сомдайды. «120» фильмінің көзі қарақты киносүйер қауым жақсы танитын «Жаужүрек мың бала» фильмімен мазмұндас тұстары да мол. Астаналықтар мен қала қонақтары фильмді ақысыз түрде 28 қазанда сағат 17.00-де Керуен ОСО, Kinopark 7, 4 залында орысша субтитрмен тамашалай алады.