Өзбекстан Түркия азаматтарына виза алуды жеңілдетті

Өзбекстан Түркия азаматтарына виза алуды жеңілдетті

Өзбекстан Түркия азаматтарына виза алуды жеңілдетті
ашық дереккөзі
Өзбекстан Түркия азаматтары үшін виза алуды жеңілдетті. Түркия азаматтары бұдан былай Өзбекстанға шақыртусыз бара алады. Тиісті қаулыға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев қол қойды деп хабарлайды өзбекстандық БАҚ. Жеке және заңды тұлғалар үшін виза әзірлеу жаңа ережеге сәйкес үш күнді құрайды. «Бұл құжат түрік азаматтарына жұмыс бабымен не туристік мақсатта келуге жағдай жасайды», - делінген Өзбекстанның туризм және спорт комитетінің мәлімдемесінде. Сонымен бірге туристік мақсатта келген түрік азаматтары визаны ваучерсіз және ресми шақыртусыз бірден ала алады.