Киік атқан браконьерлер 75 млн теңге төледі

Киік атқан браконьерлер 75 млн теңге төледі

Киік атқан браконьерлер 75 млн теңге төледі
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысында 19  киік текесін атқаны үшін төрт браконьер 75 миллион теңге төледі, деп хабарланды облыстық соттың сайтында. Ырғыз аудандық сотында Н., М., Б. және  К.-ны Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 337-бабы 5-бөлігі 2-тармағымен (заңсыз аңшылық - аса ірі залал келтіре отырып, жарылғыш құрылғыларды немесе жануарларды жаппай қырып-жоятын өзге де құралдарды қолданып, сол сияқты авиа, авто, мотокөлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы не шағын көлемді кемелерді қолданып заңсыз аң аулау) айыптау туралы қылмыстық ісі қаралды. Сотта анықталғандай, олар алдын ала сөз байласқан адамдар тобы болып, қасақана пайдакүнемдік ниеттерімен, аулауға толық тыйым салынған киік аңына заңсыз аңшылық жасап, мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтіру мақсатында, «Үамана» и «Arстісат» маркалы қаршана техникаларын пайдаланып және «МР-155» моделді 12 калибрлі 7 атар аңшы мылтығын қолданып, «№1-Атанбас», «Тебізсорда» ( ерекше қорғалатын табиғи аумақ) заңсыз аңшылық жасап, 19 бас киік текесін атып алған. Олар мемлекетке барлығы 77 599 800 теңге мөлшерде аса ірі мөлшерде залал келтірген»,-делінген сот хабарламасында. Сотта сотталушылар Н. пен М. өз кінәларын толық мойындады және келтірілген шығынның бір бөлігін өтеді. Б. мен К. кінәларын мойындаған жоқ және өздерін ақтауды сұрады. Сот үкімімен Н., М., Б. және К. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 337-бабы 5-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылып, Н. пен М. үш жылдан, ал Б. пен К. төрт жылдан бас бостандығынан айыру жазалары тағайындалды және сотталғандар аң аулау құқығынан, аң аулау қаруын, оның оқ-дәрілерін сақтау мен алып жүру құқықтарынан бес жыл мерзімге айырылды. Сонымен қатар, азаматтық талап арыз қанағаттандырылып, сотталғандардан ортақтасқан түрде мемлекет кірісіне 73 199 800 теңге мөлшерде келтірілген залал, 2 195 994 теңге мөлшерде мемлекеттік баж өндірілді. Қылмыс құралы - қаршана техникалары және аңшы мылтығы мемлекет пайдасына тәркіленді, қалған айғақ заттар құндылығы болмауына байланысты жойылды. Үкім заңды күшіне енді.