«Полиция бөлімшесіндегі әйел өлімі»: Қарағандыда бірнеше полицей қызметінен босатылды

/
«Полиция бөлімшесіндегі әйел өлімі»: Қарағандыда бірнеше полицей қызметінен босатылды
istockphoto.com

Қарағандыдағы тірек пунктінен қыздың денесі мен ес-түссіз жатқан полиция қызметкері табылған оқиғадан кейін жүргізілген қызметтік тексерістің нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Патриот» телеграм-арнасының хабарлауынша, бірқатар басшылар қызметінен босатылды.

Қарағанды облысы полиция департаментінде өткен тәртіптік комиссияның шешімімен:

Михайлов полиция бөлімінің бастығы Асқар Сәдуақасов;

Сол бөлім бастығының қызмет жөніндегі орынбасары;

Учаскелік инспекторлардың жұмысын қадағалайтын бөлім бастығының орынбасары қызметінен босатылды.

Сонымен қатар, Қарағанды қалалық полиция басқармасының бірқатар жетекші қызметкерлеріне учаскелік инспекторлардың қызметтік тәртібін әлсіз бақылағаны үшін сөгіс жарияланды.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде Қарағандыдағы тірек пунктінен қыздың денесі және ес-түссіз жатқан полиция қызметкері табылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ес-түссіз жатқан полицей медициналық мекемеге жеткізілген.

Оқиға бойынша жағдайды объективті тексеру мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары