Белгілі актриса Әлия Әнуарбек екінші рет тұрмысқа шығатынын ресми жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Жеке өмірімде қарым-қатынас құрғаным рас. «Бақыт құшағында» фильмінде сырға салу, құда түсу деген дәстүрлерді көрсеттік. Сол жеке өмірімде де болды. Жолымды ашып, бағымды жандырды десем болады. Қазір енді қалыңдықпын. Арқа сүйейтін азаматты жолықтырдым. Ұсыныс жасалды», – деді актриса «Momskий» подкастында берген сұхбатында.
Айта кетейік, актрисаның бірінші жолдасы 2020 жылы қатерлі ісіктен көз жұмған болатын.