Жаңа жылдан бастап Прагада электросамокат тебуге тыйым салынбақ

Жаңа жылдан бастап Прагада электросамокат тебуге тыйым салынбақ
ашық дереккөзден

Чехия астанасы Прагада келесі жылдың қаңтар айынан бастап электросамокат тебуге тыйым салынбақ, деп хабарлайды turkystan.kz Ceske Noviny-ға сілтеме жасап.

Бұған басты себеп – прагалықтар көп жыл бойы көшеде тұрған самокаттардың жолды бөгейтінін, сонымен қоса оларды қолданушылар, әсіресе туристер жаяу жүргіншілерге қауіп төндіретінін айтып, шағым түсірген. Бүгін Прага қалалық кеңесі электросамокаттарды қала аумағында қолдануға тыйым салу туралы шешім шығарды.

Электросамокат әзірлейтін Lime компаниясы Lime бұдан былай электровелосипед жасап шығармақ.

Прага қалалық кеңесінде бекітілген жаңа жүйенің ережесіне сәйкес, бұдан былай самокаттар қолданылмайды. Ал велосипедтерді арнайы берілген орынға қоюға рұқсат етілген. Егер ол жерге қойылмаса, тиісті шаралар қолданылмақ. Рұқсат етілген көлік түрлерін жеткізушілер қала әкімшілігіне әр велоспиед үшін ай сайын 25 крон (655 теңге шамасында) төлеуге міндеттелді.

Электросамокаттардың тұрғындарға кедергі келтіру туралы мәселе Прага әкімшілігі тарапынан бұрыннан сынға алынып келеді. Әкімшілік туризм мәселелеріне қатысты арнайы референдум өткізіп, нәтижесінде тұрғындар қалада, әсіресе туристер көп ағылатын орталықта самокаттардың қозғалысын шектеу бастамасына қолдау білдіріп, дауыс берген-тін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары