Мьянма үкіметі көтерілісшілермен келіссөз жүргізуден бас тартты

Мьянма үкіметі көтерілісшілермен келіссөз жүргізуден бас тартты

Мьянма үкіметі көтерілісшілермен келіссөз жүргізуден бас тартты
ашық дереккөзі

Мьянмада рохинджалар атысты тоқтатқандарын жариялаған болатын. Бірақ Мьянма үкіметі көтерілісшілермен келісімге келуден бас тартты деп хабарлайды BBC-ге сілтеме жасаған Baq.kz.

 Мьянма үкіметі Ракхайн мұсылмандарының бұл ұсынысын қабылдамайтынын айтқан. Үкіметтің баспасөз хатшысы Зо Хтай Мьянма терроршылармен келіссөздер жүргізбейтінін мәлімдеді.
Көтерілісші-рохинджалар солтүстік Ракхайн штатындағы (Аракан) гуманитарлық дағдарысты тоқтату үшін Мьянмадағы үкімет әскерімен күресті бір айға біржақты тоқтата тұратындарын мәлімдеген болатын. «Аракан рохинджасын құтқару армиясы» (ARSA) хабарлағандай, бітімгерлікті жексенбі күні енгізбекші болып, Мьянма әскерін де қаруларын тастауға шақырған еді. Мьянмадағы жағдай 25 тамызда ARSA мүшелері бірнеше полиция бекеттері мен мьянма әскери базасына шабуылдағаннан кейін ушықты. Онда күш құрылымдарының 12 мүшесі мен 77 көтерілісші (басқа мәліметтер бойынша шамамен 120 адам) қаза тапты. Осы шиеленістен кейін Ракхайн аймағынан болжам бойынша 290 мың рохинджа босып кетіп, Бангладештен бас сауғалайтын пана іздеуде. БҰҰ мәлімдегендей, Мьянмадан кеткен рохинджаларға көмектесу үшін қайырымдылық ұйымдарына дереу түрде 77 млн доллар қажет болуда. БҰҰ дерегі бойынша, босқындарға азық-түлік және медициналық көмек көрсету керек.