Мәскеуде қырғыз азаматын тұтқында ұстаған

Мәскеуде 92 жастағы кейуана мен 45 жастағы Қырғызстан азаматын үш апта бойы тұтқында ұстап, зейнеткерден пәтерін беру туралы сенімхатқа қол қоюын талап еткен, деп хабарлайды Кабар.

Мәскеу облысы бойынша РФ тергеу комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, Ленин ауданының екі тұрғыны (47 жастағы әкесі мен оның 27 жастағы ұлы) 92 жастағы Мәскеу тұрғыны мен Қырғызстан азаматын Быково Раменского ауданындағы пәтерлердің бірінде ұстаған. Оларға қару қолданып, күш көрсетіп, өлтіретіндіктерін айтып қорқытқан. Қаскүнемдер мәскеулік зейнеткердің оның Кашир тас жолында орналасқан пәтеріне қатысты кез келген келісімдерге қол қоюын талап еткен. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр.

 

Back to top button