Қазақстан энергиясы Пәкістан мен Ауғанстанға экспортталмақ

Қазақстан энергиясы Пәкістан мен Ауғанстанға экспортталмақ

Қазақстан энергиясы Пәкістан мен Ауғанстанға экспортталмақ
ашық дереккөзі
Қазақстан Ауғанстан, Пәкістан және Қытайға электр энергиясын жеткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Министрдің сөзінше, Қытай үлкен нарық және ведомство бірнеше жылдан бері осы елге энергия тасымалдау мүмкіндіктерін қарастырған. "Әрине, қазіргі кезде бізде энергия беретіндей ешбір байланыс пен мүмкіндік жоқ, бірақ бұл уақыттың еншісінде. Біз Қытайда әсіресе Шыңжаң, Ұйғыр автономиясы ауданында тұтынушылықтың артып келе жатқанын бақылап отырмыз. Біз енді тығыз жұмыс істеп, мүмкін электр энергиясын экспорттайтын шығармыз", - деді министр. Сондай-ақ, ол Орталық Азияға энергия экспорттау тиімді деп есептейді. "Қазақстан Ауғанстан мен Пәкістанға энергия тасымалдау жүйесін дамытуды көздейді. Қазіргі кезде KEGOC энергия тарататын қуатты бағытты салып жатыр. Сондай-ақ, оңтүстікте электр энергиясын дамытуға арналған жобалар болашақта экспортқа қосылуға мүмкіндік береді", - деді энергетика басшысы. Айта кетейік, қазіргі кезде Қазақстан Ресей мен Қырғызстанға электр энергиясын тасымалдайды.