Мәсімов шпиондардың Қазақстанның құпияларын ұрламақ болғаны туралы жазды

Мәсімов шпиондардың Қазақстанның құпияларын ұрламақ болғаны туралы жазды

Мәсімов шпиондардың Қазақстанның құпияларын ұрламақ болғаны туралы жазды
ашық дереккөзі
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің «Егемен Қазақстан» газетінде комитеттің 25 жылдығына арналған мақаласы жарияланды. Онда отандық ұлт­тық қауіп­сіздік органдарының ширек ғасырдағы жеткен жетістіктері баяндалған. «Нұрсұлтан Әбішұлының ерік-жі­гері мен стра­тегиялық көз­қарасы бүкіл еліміз үшін де және өзінің жаңа тари­хын 1992 жыл­ғы 13 шілдеден бас­таған дербес арнайы құрылым - ұлт­тық қауіп­сіздік органдары үшін де тағдыр­шешті болды», - деп жазады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы. Жа­қында Ақордада ҚР Президенті «ЭКСПО»-ның ашы­лу сал­тана­тының қауіпсіздігін тиімді қам­та­масыз еткені үшін басқа ве­домство­лар қатарында ҰҚК органдарына да ризашылығын білдірген. «Көптеген мемлекет басшылары мен басқа да меймандардың қатысуымен өткен «ЭКСПО-2017»-нің ашылу салтанатын қам­­та­масыз еткен еліміздің бүкіл по­­лиция қызметіне, Ұлттық қауіп­­­сіздік комитетіне, «Сырбар» сырт­қы барлау қызметіне және басқа да ор­гандарға алғыс жариялағым ке­ле­ді», - деді Қазақстан Прези­денті.  ҰҚК төрағасының айтуынша, комитет қызметкерлері шетелдік астыртын әрекеттерге тойтарыс берген. «Өткен 25 жыл ішінде біздің қарсы барлаушылары­мыз жеткілікті деңгейде тәжірибе мен ма­шықтарға ие болды. Мемле­кеттік құпияларды қорғаудың, барлау-бүлдіру әрекеті мен Қа­зақстанның ішкі ісіне заңсыз араласуға қарсы тұрудың өзіндік жүйесі қалыптасты. Бірқатар шпиондық әрекеттер мен жекелеген шетелдік арнайы қызметтер мен ұйымдардың мемлекеттік ор­гандарға сыналап кіріп, құпия ақпараттарға қол жеткізу жоспарларының жолы кесілді. «Сапфир» және «Виктория» қарсы барлау операциялары аса жоғары деңгейде өткізілді. 2007 жылы АҚШ Президенті Дж.Буш: «АҚШ тарихында ядролық таратпау ісінде Қазақстаннан асқан әріптес әзірше болған емес», - деп кездейсоқ айтпаса керек», - деп жазады Кәрім Мәсімов.  Оның айтуынша, халықаралық қалыптасқан жағдайларға байланысты ҰҚК мекемені жаңғырту және ребрендинг жасау жұмыстары жалғас­тырылып келеді. «Заман талабы елі­міздің алдына жаңа сынақ­тар қойып отыр. Бұл жайт қауіп­сіздік қызметінің қырағы­лығын, ұтқырлығын, техникамен жаб­дықталуын және ерекше шешім қабылдауын қажет етеді. Біз алдын ала әрекет жасауды меңгердік және бүгінде ҰҚҚ кез келген тапсырманы орындауға әзір екенін айта аламыз», - дейді ҚР ҰҚК төрағасы.