Бір аптаның ішінде 38 адам суға кеткен

Бір аптаның ішінде 38 адам суға кеткен

Бір аптаның ішінде 38 адам суға кеткен
ашық дереккөзі
Елімізде шілденің 3-9 аралығында ТЖК қызметкерлері 10 адамды құтқарып қалды, оның ішінде бесеуі бала. 38 адам қаза тапты, оның ішінде 11-і бала, - деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі. "Негізінен балаларды қараусыз қалдыру, шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде түсу, балық аулау ережелерін бұзу - үлкен қауіпке душар етеді", - деп ескертеді мамандар. Сонымен қатар, Қызылорда облысындағы Сырдария өзенінде, Қостанай облысындағы Тобыл өзенінде және Батыс Қазақстан облысындағы Күшім каналында іздестіру жұмыстары жүріп жатқаны айтылады. "ҚР ІІМ ТЖ комитетіндегілер балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Әкімшілік құқық бұзу заңының 412-бабына сәйкес ("Су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларын бұзу немесе орындамау, қылмыстық жаза қолданылатын іс-әрекет белгілері болмаған кезде су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларының сақталуына жауапты тұлғаның оларды бұзуы немесе орындамауы - жеке тұлғаларға - жеті, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады") шара қолданылады", - делінген хабарламада.