Джеки Чан: Димаш керемет киноактер бола алады

Джеки Чан: Димаш керемет киноактер бола алады

Джеки Чан: Димаш керемет киноактер бола алады
ашық дереккөзі
Қазақстан-Қытай кинофестивалінің ашылу салтанатына арнайы келген қытайлық танымал актер Джеки Чан Димаш Құдайбергеннің киноға түсуі жайында өз ойын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Джеки Чан кинофестивалінің ашылу салтанатына арналған баспасөз мәслихатында ҚазАқпарат агенттігінің сұрағына: «Теледидардан Димаштың керемет дауысын естіп, жас таланттың өнеріне тәнті болдым. Кейін ол менің фанатым екенін білдім. Әрине, мен оны кино саласында өте тамаша актер болады деп ойлаймын», - деп жауап қайтарды. Бүгін Астана қаласындағы Қазмедиа орталығында «Қазақстан-Қытай кинофестивалінің» ашылу салтанаты өтіп жатыр. Кештің құрметті қонағы ретінде Оскар сыйлығының иегері, әлемге танымал қытайлық актер Джеки Чан келіп отыр. Еске сала кетейік, әлемдік актер, каскадёр, кинорежиссёр, кинопродюсер, сценарист, әнші, миллиондаған көрерменнің сүйіктісіне айналған аңыз адам - Джеки Чан кеше алғаш рет Астанаға келді. Шараның басты ұйымдастырушылары - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы мен ҚХР Баспасөз, баспа, радио, кино және телевизия ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасы. Айта кету керек, 7-18 маусым аралығында Астанада өтетін Қытай киносы фестивалі аясында елордалықтар мен қала қонақтары «Іле өзені», «Шынайы махаббат», «Гүлім», «Қатерлі ісік мырза, кетіңіз», «Қасқыр тотемі» сынды туындыларды тамашалай алады.