Алматыда қоймадан өрт шықты

/
Алматыда қоймадан өрт шықты
istockphoto

Алматының Түрксіб ауданында қойма өртенді. Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетті, деп хабарлайды turkystan.kz қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, бүгін 112 пультіне Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы Стасов көшесінде орналасқан қойма ғимаратынан түтін шыққаны туралы хабарлама түсті.

"Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел түрде жіберілді. Құтқарушылар келген кезде қойма ғимараты ашық жалынмен жанып жатты", - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер жоғары шақыру дәрежесі бойынша жұмыс істеуде. Өртті оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жүріп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар