Қасым-Жомарт Тоқаев: Мықты университеттер – болашақтың негізі

/
Қасым-Жомарт Тоқаев: Мықты университеттер – болашақтың негізі
istockphoto.com

Елдің технологиялық дербестікке жетуі білім-ғылымның өркендеуіне тікелей байланысты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бүгінгі форум аясында Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы университеті Қазақстандағы өңірлік зерттеу хабын ашу туралы келісімге қол қояды. Бұл – айтулы жетістік.

БҰҰ университетінің өкілдігін Алматыда орналастыру Қазақстанның ғылыми мүмкіндігі әлемдік дәрежеде мойындалғанына дәлел болады, сондай-ақ басқа да білім беру мекемелерімен және ғылыми ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жол ашады.

Осылайша, біз университеттеріміздің әлеуетін нығайтып, қуатты академиялық ортаның қалыптасуына тың серпін береміз.

Былтырғы форумда «Мықты университеттер – келешектің кепілі» деп айтқан едім. Шын мәнінде елдің технологиялық дербестікке жетуі ең алдымен, білім-ғылымның өркендеуіне тікелей байланысты.

Сондықтан біз жастарымыздың сапалы білім алып, ғылыми зерттеулермен алаңсыз айналысуына және өз идеяларын жүзеге асыруына барынша жағдай жасауымыз керек. Ұлттың зияткерлік қарымы мен қабілетін ашу тұрғысынан мұның маңызы зор.

Біз Конституциямызда айқындалған қағидаттардан айнымай, өркендеген, келешекке сеніммен көз тіккен әрі гүлденген мемлекет құруды жалғастырамыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Сондай-ақ  Мемлекет басшысы Қазақстанның барлық елмен білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін айтты,

«Ғылым – тұтас адамзаттың игілігіне қызмет ететін теңдессіз құндылық. Сондықтан білімде шекара жоқ, болмауға да тиіс.

Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан барлық елмен зияткерлік байланысты ұлғайтуға ұдайы баса мән береді.

Бұл ретте еліміздің білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқан университет басшыларына, ғалымдарға, оқытушыларға және барша әріптестерімізге тағы да алғыс айтамын.

Алдағы уақытта да бірлесіп көптеген озық бастамаларды жүзеге асырып, өзара пайдалы байланыстарымызды жаңа деңгейге көтереміз деп сенемін», – Қасым-Жомарт Тоқаев

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар