Қазақстан халықаралық академиялық әріптестіктің берік базасын қалыптастырды – Президент

/
Қазақстан халықаралық академиялық әріптестіктің берік базасын қалыптастырды – Президент
Ақорда

III Стратегиялық серіктестер форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылы М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың алғашқы түлектері қазақстандық және америкалық университеттердің қос дипломын алғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мен Аризона университетінің серіктестігі аясында заманауи оқу-зертхана корпусы мен жатақхана бой көтерді. Биыл бірлескен оқу бағдарламасын аяқтаған алғашқы түлектер бірден Қазақстан және Америка университеттерінің дипломына ие болды. Сондай-ақ Қазақстанда Кардифф университетінің филиалы қызметін бастады. Бұл – британиялық жоғары оқу орнының алғашқы халықаралық кампусы. Бұдан бөлек, Ковентри университеті, Мәскеу инженерлік физика институты, Бейжің тіл және мәдениет университеті, Қытайдың Солтүстік-Батыс политехникалық университеті сияқты оқу ордаларына арналған кампустар салынып, кеңейтіліп жатыр. Ірі қалаларымызда атом саласына, жасанды интеллект пен креативті индустрия бағыттарына келешек мамандар даярлау жолға қойылуда. Сонымен қатар әлемдік деңгейдегі сапалы білім басқа өңірлерге де қолжетімді болуы керек деп санаймыз. Сондықтан шетелдік филиалдарды орналастыратын жерді таңдаған кезде облыстардың салалық мамандануы мен кадрлық қажеттілігі ескеріледі. Бір сөзбен айтқанда, құрметті қонақтар, әрине, сіздердің көмектеріңізбен халықаралық академиялық серіктестіктің мықты базасын құрдық. Ол үшін барша әріптестерімізге және достарымызға ризашылығымызды білдіреміз», – деді Президент.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар