Серпінді технологиялық жобаларды іске асыру – Қазақстанның академиялық хаб ретінде дамуының екінші кезеңі

/
Серпінді технологиялық жобаларды іске асыру – Қазақстанның академиялық хаб ретінде дамуының екінші кезеңі
Ақорда

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында Қазақстанды әлемдік деңгейдегі білім мен ғылым орталығына айналдыру міндетін қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Енді мен білікті кадрлар, ғылыми жетістіктер және инновациялар арқылы елімізде әлемдік деңгейдегі білімді орнықтыру жөнінде міндет қойдым.

Академиялық хабты дамытудың екінші кезеңінде біз белсенді ғылыми ынтымақтастыққа, бірлескен зертханалар ашуға және серпінді технологиялық жобаларды жүзеге асыруға баса мән беруді жоспарлап отырмыз.

Осы орайда, біз жетекші шетелдік университеттерге барынша қолайлы жағдай жасауға және ғылыми-зерттеу бағытындағы жаһандық ынтымақтастық аясын кеңейтуге айрықша назар аударамыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар