Қасым-Жомарт Тоқаев: Әлемнің маңдайалды университеттерімен өзара тиімді серіктестікті нығайтуға мол мүмкіндігіміз бар

/
Қасым-Жомарт Тоқаев: Әлемнің маңдайалды университеттерімен өзара тиімді серіктестікті нығайтуға мол мүмкіндігіміз бар
istockphoto.com

Бізге индустриялық және басқа да серіктестерді кез келген қауіп-қатерден қорғап, жобалардың тікелей нарыққа шығуын қамтамасыз ететін кешенді қаржылай қолдау жүйесін қалыптастыру керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Халық сенімін арттыруға батыл түрде кірістік. Сондықтан әлемнің маңдайалды университеттерімен өзара тиімді серіктестікті нығайтуға мол мүмкіндігіміз бар.

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің тәжірибесі – ортақ міндеттерді орындап, елеулі нәтижеге қол жеткізуге болатынына айқын дәлел.

2023 жылы аталған оқу орнында Тяньцзинь кәсіби университетімен серіктестік негізінде еліміздегі алғашқы Лу Бань шеберханасы ашылды. Бүгінде осындай шеберханалар Астана мен Алматы қалаларында да жұмыс істей бастады.

Аталған табысты тәжірибені экономикамыздың игілігі үшін кеңінен таратып, инжиниринг, технология, цифрландыру және табиғи ресурстар, соның ішінде сирек жер металдары мен аса маңызды минералдар салаларына баса мән бергеніміз жөн.

Сондықтан бізге индустриялық және басқа да серіктестерді кез келген қауіп-қатерден қорғап, жобалардың тікелей нарыққа шығуын қамтамасыз ететін кешенді қаржылай қолдау жүйесін қалыптастыру керек», – деді Президент. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар