ІІМ ювеналды полиция басқармасының бастығы Асхат Дүйсембеков Құрылтайдағы брифингте Қазақстанда балалар бір-біріне жиі буллинг жасайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Биыл 355 буллинг дерегі анықталды. Олар осы бағыттағы жұмысты күшейту аясында әшкереленді", - деді Асхат Дүйсембеков.
Оның айтуынша, барлық дерек бойынша ата-аналар жауапқа тартылды.
"Біз барлық деректі толық әрі жан-жақты талдаймыз, қараймыз. Барлық себеп пен жағдайды анықтаймыз. Осындай жайттарға жол берген қызметкерлерге қатысты да қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр", - деп түйіндеді ол.