Англия құрамасы мен Мюнхеннің «Бавария» клубының шабуылшысы Гарри Кейн 2026 жылғы «Алтын доп» (Ballon d’Or) сыйлығын жеңіп алды. Марапаттау рәсімі 26 қазанда Лондонда өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
33 жастағы футболшы өткен маусымда клубы мен ұлттық құрама сапында 65 матчқа қатысып, 73 гол соққан. Оның 61 голы «Бавария» үшін тіркелсе, тағы 12 голды Англия құрамасы сапында соқты.
Кейннің нәтижелі ойыны Мюнхен клубына Германия чемпионаты мен ел кубогын жеңіп алуға көмектесті. Сонымен қатар Англия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатында үшінші орынға ие болды. Кейн турнирде алты гол соғып, команданың жетістігіне үлес қосты.
«Алтын доп» үшін дауыс беру қорытындысы бойынша екінші орынды Франция құрамасы мен мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе иеленсе, үшінші орынға «Барселона» ойыншысы Ламин Ямаль жайғасты.
Осылайша, Гарри Кейн 2001 жылы Майкл Оуэннен кейін «Алтын допты» жеңіп алған алғашқы ағылшын футболшысы атанды. Бұған дейін бұл жүлдені Англияның Стэнли Мэттьюс, Бобби Чарльтон, Кевин Киган және Майкл Оуэн сынды өкілдері иеленген.
Бұған қоса, Кейн маусымдағы нәтижелі ойыны үшін үздік сұрмергенге берілетін Герд Мюллер сыйлығын да алды.