Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасын тексеру жүйелі заң бұзушылықтар мен 1 млрд теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Атап айтқанда, Сайрам ауданының шаруа қожалықтары жалған мәліметтер мен құжаттарды ұсыну арқылы өндірілген сүт көлемін нақты көрсеткіштерден 8 есеге заңсыз арттырған.
Тексеру нәтижесі бойынша субсидияларды жымқырудың 2 фактісі СДТБТ-ға тіркеліп (аса ірі мөлшердегі алаяқтық), сотқа дейінгі тергеп-тексеру облыстың арнайы прокурорларына тапсырылды.
Қазір 4 күдіктіге қатысты 1 қылмыстық іс аяқталып, бюджетке 40 млн теңге қайтарылды, сондай-ақ күдіктілердің құны 100 млн теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынды.
Екінші қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.