Алматы облысында үш адам ауылдастарына оқ атқан

/
Алматы облысында үш адам ауылдастарына оқ атқан
istockphoto.com

Алматы облысында үш ер адам жергілікті тұрғынға шабуыл жасап, оның көлігіне пневматикалық қарудан оқ атқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 14 қазанда Іле ауданына қарасты Қосөзен ауылында болған. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Кадрлардан шанағында оқ іздері бар және әйнегі сынған көлікті көруге болады. Видео авторының айтуынша, үш ер адам бір адамға шабуыл жасап, кейін оның көлігіне оқ жаудырған.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық істер қозғалған.

«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бірнеше сағат ішінде жанжалға қатысушылардың барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Әр қатысушының әрекетіне тиісті құқықтық баға беріледі», — деп хабарлады полиция.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары